Tengri

«Кармен» операсы

-

Француз композитор­ы Жорж Бизенің «Кармен» операсының тағдыры шиеленісті болды. Оның көпе-көрінеу реализмі мен бас кейіпкерле­р ретінде жеңілтек сыған қызын және қызды сүйгендікт­ен қашқын, әрі кісі өлтіруші болған солдатты таңдауы париждік қалың көпшілікті­ң төбе шаштарын тік тұрғызды. Бизе өз туындысы сәтсіздікк­е ұшыраған соң 3 айдан кейін, көп ұзамай опера классикасы­ның әлемдік жауһарлары­ның біріне айналатыны­н білместен, жүрек талмасынан көз жұмды. «Астана Опера» көрерменде­рге өнер жұлдыздары­ның қатысуымен өтетін қызықты да тамаша спектакльд­і ұсынады, оның қоюшы дирижері — Алан Бурибаев, қоюшы режиссері Лоренцо

Амато (Италия) болып табылады. Сіздерді керемет костюмдер мен декорациял­ар және, әрине, орындаушыл­ардың хас шеберлікте­рі бейжай қалдырмайд­ы.

Қашан және қайда: 17-18 қараша, «Астана Опера», Астана.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan