Tengri

Аяз Атаның вотчинасы

-

Аяз Атаның ертегідегі­дей резиденция­сы ресейлік Ұлы Устюг қаласында орналасқан. Қыста мұнда ерекше әдемі болады: қар басқан жазықтарда­ғы аппақ қардай соборлар мен шіркеулер, маңғаз ормандар қоршаған ескідегі көпес үйлері. Қалада Аяз Атаның поштасы бар, поштадан жаңажылдық сиқыршының қолы қойылып, мөрі басылған құттықтаул­арды жөнелтуге болады, оның таққа отыратын залы мен кәдесыйлық дүкені де осында орналасқан. Аяз Атаның қаладан 11 километр қашықтықта­ғы вотчинасын­а қонаққа адам аяғы сиректеу болатын кезде, таңертең барған дұрыс. Аяз Атамен кездесуден басқа, сіздерді ұлан-асыр ойын-сауықтар мен көптеген тосын сыйлар күтеді.

Қашан және қайда: Аяз Атаның резиденция­сы жыл бойы, күн сайын сағат 9:00-ден жұмыс істейді. Барлық бағдарлама­лардың толық кестесі www.domdm.ru сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan