Tengri

«007» жаңа шаңғы жолы

-

Альпілік шаңғы курорттары 007 агенті туралы фильмдерді түсіру алаңына жиі айналып отырды. Сол сияқты Пиренейдег­і француздық Пейрагюд (Peyragudes) тау шаңғысы курорты да 1997 жылғы қаңтар айында Tomorrow Never Dies фильмін түсіру кезінде негізгі орын болды. Курорттағы қазіргі маусымды оның 20 жылдығына арнау ұйғарылды. Айтулы күнге арнайы Балестас әсем ауданында сырғанау мен серуендеуг­е арналған жаңа жолдары бар, ұзындығы

2,8 км «007» беткейі ашылды. Тақырыптық іс-шаралардың бағдарлама­сы ашық аспан астында фильмдер көрсетуді, «Мен шаңғыда Джеймс Бонд сияқты сырғанаймы­н!» ұранымен өткізілеті­н жарыстарды қамтиды, жергілікті ресторанда­рдың ас мәзіріне тақырыптық тағамдар кіреді. Қашан және қайда: қараша-желтоқсан 2017, Пейрагюд тау шаңғысы курорты, Франция. Толық ақпарат www.n-py.com сайтында.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan