Камилия Конопьянова, ұялы қолданба жасаушы
2017 жылғы шілдеде маған Оңтүстік Африкадағы Дурбан қаласында болудың сәті түсті. Халқының саны мен көлемі жағынан ол Йоханнесбург пен Кейптауннан кейін үшінші орын алады және мұхиттың жылы ағысы мен дамыған инфрақұрылымының арқасында заңды түрде туризмнің негізгі орны болып есептеледі. Phezhulu сафари-паркі мен естен тандыратын сұлу жағажайы Дурбанның басты көз тартарлық орындары болып табылады. Сондай-ақ қала орталығында
2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарының құрметіне салынған орасан үлкен стадион бар. Қала тұрғындары жайдары және ақжарқын. Егер сіздерге бір кездері сонда болудың сәті түсетін болса, онда міндетті түрде қолтырауын және жылан фермаларына, ұлттық сафари-паркке барып көріңіздер, ол жерден сіздер керіктер мен ала құландарды табиғи мекендейтін ортасынан көресіздер.