Tengri

Гүлбана Беспаева, бренд-менеджер

-

Менің есімде мәңгі қалатын сүйікті қалалардың бірі — Дельфт. Бұл менің Еуропаға ең бірінші сапарым болатын, сондықтан да болар, ол маған сондай ұнап қалды. Кіп-кішкентай, жайлы да ықшам қаланың тұтас елдің қайта өрлеу дәуірімен байланысты бай тарихы бар. Бірнеше арналар, XVI-XVII ғасырдың тарихи ескерткішт­ері, кішкентай, жинақы үйлері, ақжарқын тұрғындары — осының барлығы романтикал­ық жағдай жасайды. Оны ашық аспан астындағы мұражай деп бекер атамаса керек. Қаланың кішкентай екендігіне қарамастан, ол студенттер қаласы болып та есептеледі, оның аумағында бірнеше кампус бар. Ең басты көз тартарлық орны — XIV ғасырда салынған, De Nieuwe Kerk шіркеуі орналасқан базар алаңы. Шіркеудің ішіндегі бүкіл сұлулықты, сол замандағы шеберлерді­ң жұмыстарын көргенде, денең шымырлап қоя береді. Шіркеуге Оран әулеті мүшелеріні­ң қабірлері қойылған, оның астында бүкіл король отбасының сағанасы бар. Менің жадымда осы қалаға байланысты жылы естеліктер­дің көп екені соншалық, қалаға қайта оралғым келеді.

 ??  ?? Дельфт / Delft
Дельфт / Delft

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan