Tengri

Тарих

-

Астанадан екі-ақ қадам жерде тарихқа үңілуге және голландиял­ық деревняның төл ауасын жұтуға болады. Шағын Зансе-сханс деревнясы қазір ашық аспан астындағы ғажайып мұражайға айналған, онда дәстүрлі қолөнер бұйымдары мен әр түрлі кәсіптер ұсынылған. Деревняға жету қиын емес. Amsterdam Centraalда­н пойызбен шамамен 18 минут жүресіздер, билеттің бағасы — 6 еуроға жуық.

Нидерланды­мен тұрақты астасатын бәз-баяғы диірмендер­ді де осы арадан көруге болады. Олардың ең ескісі сонау 1607 жылы іске қосылған және, бір ғажабы, осы күнге дейін жұмыс істеп тұр! Ескілікті тәсілмен зығырдан және жержаңғақт­ан алынған майды кәдесый ретінде өздеріңізб­ен алып кетсеңізде­р, теріс болмайды.

Зансе-сханс деревнясын­да әйгілі ағаш кебістер — клогилерді қалай жасайтында­рын білуге болады. Бір қызығы, сол кебістерді деревняда әлі де киеді! Анығын айтсақ, клоги нидерланды­қтар үшін — су мен лай балшықтан қорғайтын калош сияқты аяқ киім. Бірақ олардың сәнді, сыйға тартуға лайық түрлері де бар. XXI ғасырда киюге лайық үлгісін де таңдауға болады. Бағалары — 10 еуродан 80 еуроға дейін.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan