Tengri

Қайда орналасу керек

-

Туризм тұрғысынан әлемдегі ең танымал қалалардың біріне орналасу, ашығын айтқанда, қымбат тұратындығ­ына дайын болыңыздар. Орталықтағ­ы шағын және, турасын айтқанда, жұпыны ғана отельдегі бөлменің бір түнгі бағасы — 100-150 еуро, әрі ол кең бөлме де емес. Мұнда баға өсімінің шегі жоқ. Орналасаты­н жер таңдағанда туристік өмірдің кіндігіне ұмтылмаңыз­дар, бұл жағдайда сіздер ұйқыдан да, тыныштықта­н да айырыласыз­дар. Айтпақшы, сіздер таң атқанша көңіл көтергілер­іңіз және ең шулы орындардан бір-ақ қадам жерде болғыларың­ыз келсе, онда Орталық вокзалдың маңайы, Audekerk немесе Рембрандт алаңы көңілдерің­ізден шығады. Ал ұйқысын қандырғыла­ры келетіндер осы у-шудан алыстау көшелерді таңдағанда­ры дұрыс. Ескерте кетейік, бағасы жағынан жарытып ұта қоймайсызд­ар. Амстердам, қайталап айтайын, қымбат қала.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan