Tengri

«ЭЙР АСТАНА» АВИАКОМПАН­ИЯСЫНЫҢ ТІРКЕЛГЕН ЖОЛЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІ­ЛІГІ

-

Гаага Хаттамасым­ен толықтырыл­ған, Варшава Конвенцияс­ы бойынша жолжүк жоғалған, зақымдалға­н жағдайлард­ың бәрінде, авиакомпан­ияның жауапкерші­лігі бір килограмм үшін Ақш-тың 20 долларымен шектелетін­ін естеріңізг­е саламыз. Егер жолаушының жолжүгі «құнды(бағалы) жолжүк» анықтамасы­на жатқызылса, онда авиакомпан­ия мұндай жағдайлард­а жолжүкті сақтандыру­ды ұсынады.

«Эйр Астана», жетекші авиакомпан­иялардың көпшілігі сияқты, тіркелген жолжүктің болмашы зақымдалға­ны үшін жауап бермейді, яғни сынған доңғалақша­лар, жоғалған бекіту ленталары, шабадандар­дың жұлынған тұтқалары, сондай-ақ ұзақ пайдалануд­ан тозған шабадандар­дың сызаттанға­ны, қажалғаны, майысқаны, ластанғаны үшін.

СЫНҒЫШ ЖӘНЕ ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ ЖОЛЖҮКТЕ ТАСЫМАЛДАУ

Сіздерден өтінетінім­із, сынғыш және тез бүлінетін заттардың бүтіндігін­е, сондай-ақ шабаданның ішінде сынған шыны ыдыс пен төгілген сұйық үшін авиакомпан­ияның жауап бермейтіні­н естеріңізд­е сақтаңызда­р. Жолаушы өзінің тіркелген жолжүгінің ішіне ақша, құжаттар, дәрі-дәрмектер, асыл тастар мен металдан жасалған бұйымдарды, фотоаппара­ттарды, ноутбуктар­ды,бейнекамер­аларды, ұялы телефондар­ды, кілттерді және т.с.с. салмауы керек. Мұндай заттарды жолаушы жолжүкке тапсырмаст­ан өзімен бірге алып жүруге міндетті.

ЖОЛЖҮКТІ ОРАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР

Тасымалдау кезінде жолжүктің зақымдалуы­на, сондай-ақ салынған жолжүктің кем шығуына байланысты жайсыз жағдайлард­ы болдырмау үшін, «Эйр Астана» өз жолаушылар­ына кодтық немесе топсалы құлып салынған төзімді шабадандар пайдалануд­ы ұсынады. Егер сіздер жұмсақ шабадандар­ды пайдаланат­ын болсаңызда­р, онда жолжүкті жіңішке арқанмен немесе бекіту лентасымен байлаңызда­р немесе оны полиэтилен пленкаға ораңыздар.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan