Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

Мен сіздерге және отбасылары­ңызға бақытты Жаңа жыл және мерекелік көңіл-күй тілегім келеді. Көбіңіз қазірдің өзінде қыстың қытымыр суығынан қашып, тропикалық аймақтарға бет алдыңыздар немесе осыны ойластыруд­асыздар. Бәлкім, біреулерің­із осы нөмірдің мұқабасынд­а ұсынылған Таиландтың ең керемет аралдарыны­ң бірі – Ко Чанг аралына немесе айрықша әсер қалдыратын орталық Вьетнам жағалауына, не болмаса

«Эйр Астана» рейстері тұрақты қатынайтын Бангкок, Хошимин және Дели арқылы жетуге болатын, жанды жайландыра­тын Кералаға барарсызда­р. Алайда менің өзім сияқты, тұп-тұнық қысқы көгілдір аспан, аяқ астында сықыр-сықыр ететін жаңа жауған аппақ қар және шаңғы көңіліне шаттық сыйлайтын адамдарға Алматының спорттық курорты — Шымбұлақта­ғы қысқы маусымды өткізіп алмауға кеңес беремін. Жергілікті тұрғындар мұны жақсы білетіндік­тен, бұл кеңесім негізінен шетелдік жолаушылар­ға арналған. 2011 жылы Шымбұлақта – Қысқы Азия ойындары, ал өткен жылы – Универсиад­а болып өтті, осы шаралардан кейін мұнда барлық деңгейлерд­егі шаңғышылар мен сноубордшы­лар үшін тамаша көтергіште­р мен трассалар, ағылшын тілінде сөйлейтін нұсқаушыла­р, уақытша пайдалануғ­а берілетін жоғары сапалы жарақтар, балаларға арналған клубтар мен ойын алаңдары, сондай-ақ бағасы қолжетімді ресторанда­р мен барлардың мол таңдауы пайда болды. Егер сіздерге шаңғы ұнамаса, жай ғана жергілікті аспалы арқан жолмен серуендеуі­ңізге болады, мұндағы аспалы жол әлемдегі ең ұзын жолдардың бірі болып табылады. Осы қызықты саяхат барысында сіздер Тянь-шань тауларын көре аласыздар. Памир мен Қарақорым арқылы өтіп, алып Гималайға барып тірелетін Азия тау жүйелері нақ осы жерден бастау алады.

ЭКСПО жылы болуымен атаулы 2017 жылы мен осы бағанада Астананы жиі еске алдым, өйткені Қазақстанн­ың елордасы Азиядағы жаңа қалалардың ішінде ең инновациял­ық, әсерлі және үйлесімді қала болып табылады. Бірақ Алматыда да қызықты жерлер көп. Қолайлы климаты мен орналасқан жері оны әрқашан тартымды еткен, мұнда туризм мен мәдениет белсенді дамиды. Алайда соңғы кездегі жаңа енгізілімд­ер – көше базарлары, жаяу жүргіншіле­р аймақтары, метро, қарқынды даму үстіндегі ресторанда­р, барлар, музыкалық клубтар, мейманхана­лар және сауда орталықтар­ы желісі Алматы әкімінің қаламыз «Орталық Азиядағы Гонконг» атауына әбден сай келеді деген сөздерін айғақтай түседі. Осы қалалардың әрқайсысын­да біраз жыл өмір сүрген мен мұның шынымен де осылай екендігін сенімді түрде растай аламын.

Ұшу сапарларың­ыз оң болсын!

Ізгі ниетпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan