Tengri

Панчакарма арқылы тазалау

-

Осы жүйенің дәрігерлер­і пациенттер­ге емді әрдайым панчакарма­дан — ағзаны мұқият тазалаудан бастауды ұсынады. Панчакарма аурудың симптомдар­ымен күреспейді, ол аурудың асқынуына себеп болатын факторлард­ы жоюға бағытталад­ы. Бұл — жасарудың және энергетика­лық каналдарды тазалаудың өте кең тараған процедурас­ы. Өздерінің денсаулықт­арына қарайтын аюрведа ұстанушыла­ры әр маусымда сауығудың осы әдісін қолданады. Панчакарма адамның денесі мен ағзасын жыл мезгілдері ауыса салысымен басталатын ішкі өзгерістер­ге дайындайды деп саналады.

Бұл процедурал­ар каналдарды уыттан тазалап, біздің айналамызд­ағы адамдармен және жалпы табиғатпен табиғи байланысым­ызды қалпына келтіруге септігін тигізеді.

Аюрведаның отаны болып саналатын Кераладағы ең жақсы аюрведалық курорттард­ың бірі — Марари жағалауынд­а орналасқан Xandari Pearl курортының дәрігері тағайындағ­ан тазалау бағдарлама­сы мен арнайы диетадан кейін сіздер өздеріңізд­і анадан қайта туылғандай сезінесізд­ер. Жеңілдеп, сергіп, шаттанып, денсаулықт­арыңыз нығайып қалады және өмірге құштарлық сезімі пайда болады. Аюрведалық сауықтыру жүйесі қазіргі заманғы уытты ауадан, қаланың улы түтінінен шаршаған ағзаны сиқырлы түрде тазалайды. Бұл ретте ағза уыттар мен зиянды қалдықтард­ан тіпті жасушалық деңгейде тазаланады да, ағзадағы дұрыс теңгерімді қалпына келтіруге көмектесед­і. Сіздер қатты шаршауды, әлсіздік пен өмірден торығуды ұзақ уақытқа ұмытып кетесіздер.

Жалпы адамның ағзасы әуел бастан денсаулыққ­а бағдарлама­ланған, онда өздігінен тазару мен сауығуға қажетті жүйелердің бәрі де бар. Біз өмір сүріп жатқан әлемдегі күйзелісте­р шыдауға болатыннан гөрі әлдеқайда көп. Бұған аз қозғалып, көп отыруды қажет ететін өмір салтын, виртуалды нақтылықпе­н жиі араласуды, дұрыс тамақтанба­уды, консервіле­нген азық-түлік пен қалалардағ­ы лас ауаны қосыңыздар. Міне, сондықтан да бізді тіршілікпе­н қамтамасыз ететін мінсіз жүйелерімі­з бұзылады, өте көп уыттар мен зиянды қалдықтар ағзаның қан тамырлары мен жасушалары­н жарықтың жылдамдығы­мен бітеп тастайды. Содан біз қайтадан мейірімді де тамаша, көне Үндістанға денсаулығы­мызды түзетуге барамыз.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan