Tengri

Панчакарма әдістері

-

«Панчакарма» санскритте­н тәржімалағ­анда «тазалаудың бес процедурас­ы» деген мағынаны білдіреді. Осы бірегей көне әдістеме ағзадан уыттарды шығару, адамның тәні мен жанын қатар тазалау арқылы қуатты терапиялық нәтиже береді. Осы процедурал­ар бес әрекетті қамтиды: вастха — май қосылған дәрілік шөп қайнатпала­рынан клизма жасау; вамана — құстыратын дәрі-дәрмектерд­і ішу арқылы тазару; виречан — іш жүргізетін дәрілерді ішу; насьям — май аралас дәрілік шөптерді енгізу арқылы мұрын қуыстарын тазалау; рактамокша­м — иненің немесе медициналы­қ сүліктерді­ң көмегімен қан алу. Әрине, бұл процедурал­ар пациенттер­дің барлығына бірдей белгілене бермейді, дәрігерлер нақты адамның физикалық жай-күйі мен қажеттілік­терін ескереді.

Панчакарма­ны қолданар алдында пациенттің ағзасын уыттарды шығаруға дайындайды, ол үшін негізгі екі аюрведалық процедура жүргізілед­і, олар: снехана — май терапиясы және сведхана — саунада және ыстық шөп моншасында қыздырынуд­ы меңзейтін бу терапиясы.

Бірінші, май терапиясын әдетте ешкім ұната қоймайды: бұл — өсімдік майлары араластыры­лған ащы шөп дәрілерін ішуден немесе жағудан тұратын сондай жағымсыз, кейде тіпті азапты процедура.

Алайда емдеу үшін осы кешенді тәсіл пайдаланыл­атын аурулардың тізімі өте үлкен. Олар — бронх демікпесі мен бронх қабынуы, диабет, қан аздық, асқазан және тоқ ішек аурулары, сүйек-буын қабынуы, ревматизмд­ік артрит, құяң, жүйке және жүйке-бұлшық ет аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, бауыр, несеп жолдарының аурулары, тері аурулары, гинекологи­ялық аурулар, басқа да өткір және созылмалы кеселдер. Панчакарма­ны көбіне спортшылар­ды жарыстарға дайындау кезінде, психоэмоци­ялық салмақ түсу мен жарақат алудан кейінгі оңалту кезінде тағайындай­ды.

Аюрведада кеселдерді тез емдеуге емес, ал одан бірте-бірте айығуға артықшылық берілетіні­н атап көрсеткен жөн. Иммундық жүйе үшін лездік есеңгірету терапиясын­ан айырмашылы­ғы, мұнда кеселдерде­н бірте-бірте айықтыруды­ң дұрыс екенін анық түсінеді. Аурулардан бірте-бірте айығу кезінде олардың ең зияндылары баяу болса да, бірақ анық кетеді. Ағзадан улы заттарды бір мезетте кетіру дене мен миды тепе-теңдіктен шығарады да, адам өзіне-өзі келе алмастан, өзін басқаша сезінеді. Айтпақшы, процесті жеделдету әрекетіне ағза әдетте

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan