Қысқы Хогвартс
Жаңа жыл келді, бірақ сіздер ертегінің аяқталмағанын қалайсыздар ғой? Онда Warner Bros студиясына серуендеуге барыңыздар. Лондондағы Studio: мұнда ертегі жалғасады! Айналада қар қылаулап жауып тұрады, кеңістік ғажайып жарықпен толтырылған, сиқырлы аспаптар оркестрі ойнайды, ал Хогвартс қорғанының толық үлгісі қар жамылғысын жамылған. Гарри Поттер туралы фильмдерде пайдаланылған реквизитке, киім-кешектер мен үлгілерге жақындай түсіңіздер, мерекелік сахналар үшін безендірілген атақты студияларды көріңіздер және олардың қалай құрылғанын, фильмдердегі жасанды қар мен мұздың алуан түрлерінің неден жасалғанын біліңіздер.
Қашан және қайда: 28 қаңтарға дейін, Warner Bros. studio tour London, Leavesden, Лондон. www.wbstudiotour.co.uk