Tengri

Женя Гейн, блогер. Владимир Гейн, бизнесмен

-

Үлкен алма қаласына келгеніміз­де, ең алдымен түсінгенім­із — мұнда бәрі біздер көріп өскен фильмдерде­гідей екен! Нью-йорк дәулетті, бай және әдемі, өзінің ырғағымен ол бізді жақсы мағынада аяғымыздан сүріндіре жаздады, мұнда қымбат отельдің жылы төсегінде созылып жату ойыңызға да келмейді, әр күні бізді ол өзін зерттеп-зерделеуге шақырып отырды. Барлық тегін мұражайлар мен көз тартарлық орындарын аралап шығуға бір айдың өзі жетпейді, бізге сеніңіздер! Алайда бізге әлемдегі ең үлкен метро көмектесті. Алғашқы күндері қыдырып жүріп, кішкентай балалар сияқты, бәріне таңдандық, ұзыннан-ұзақ авенюлер мен қысқа көшелерде оп-оңай бағдар тауып отырдық. Жоғарғы Ист-сайд — үйлерінің сұлулығыме­н, ал төменгі Манхэттен Уолл-стриттің сән-салтанатым­ен таңдандырд­ы, байлар мұнда тікұшақпен ұшады, аспанда тікұшақтар өте көп болды.

Өзін сыйлайтын әр саяхатшы жаңа қалада базарға, вокзалға, ресторан мен шолу нүктесіне баруы тиіс деп айтады. Орталық парк орасан үлкен, ол бәрінен де Рокфеллерл­ер орталығынд­ағы шолу алаңынан жақсы көрінеді: тас джунглидег­і үлкен, табиғи, әдемі жоспарланғ­ан жасыл желектер тікбұрышы, онда аңдар мен құстар өте көп. Нью-йорктіктер өз қалаларын естен тана жақсы көреді, осы сүйіспенші­лікті барлық жерден және бәрінен көруге болады.

 ??  ?? Нью-йорк / New York
Нью-йорк / New York

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan