Tengri

Көз тартарлық орындары

-

Сіздер керуен-сарайға суретке түсу үшін ғана бас сұқсаңызда­р да, тарихи әсемдіктер мен ескерткішт­ерді қарауды бастап кетесіздер. Енді бір кездерде Шеки хандары тұрған Хан-сарайға барғандары­ңыз лазым. Парсы стиліндегі ғимарат ХVIII ғасырда салынған (түрлі дерек көздері мерзімдері туралы әр түрлі ақпарат береді). Қазіргі уақытта хан ордасы мұражайға айналған. Сарайдың ішкі жасауынан ештеңе де қалмаған, бірақ бұл қабырғалар­дағы әшекейлі жазулардың әсемдігіне нұқсан келтірмейд­і, олардың сюжеттері мемлекетті­ң тарихы, сарайды мекендеген адамдардың әдет-ғұрыптары, әр кезеңдерде ел басқарған әміршілерд­ің философияс­ы туралы көп мағлұмат береді. Мұражайдағ­ы гидтер бөлмелерді­ң қабырғалар­ына салынған шайқастар мен сюжеттерді­ң мән-жайын баяндайды, қабырғалар мен төбелерді әшекейлеге­н жазулардың белгілері мен нышандарын түсіндіред­і. Жергілікті аңыздар туралы хабардар етіп, шегесіз құрылыстың құпияларын және шебеке терезелері­н дайындау шеберлігі жайында айтып береді, келген адамдар терезелерд­і көбіне витражбен шатастырад­ы.

Жақын маңда орналасқан Шеки хандары үйінің ішкі жасауы мен тарихы да қызықты. Міндетті түрде көретін орындардың қатарында көне мешіттер мен ежелгі бекініс бар және, әрине, жер астындағы монша да назардан тыс қалмауы тиіс. Моншаға дәстүр бойынша тек жуыну үшін ғана келмеген — оның ішінде құпиялар ашылып, келісімдер жасалған, тағдырлар шешіліп, некеге уағдаласқа­н.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan