Tengri

Гастрономи­я

-

Осындай серуеннен кейін жүрек жалғап алған да теріс болмайды. Шекиде сіздерге ең алдымен не ұсынады? Пити. Ол әзірбайжан тағамдарын­ың ішіндегі ең сүйіктісі болып табылады, егер питиге аңсарларың­ыз ауса, оның дәмін питидің отаны болып саналатын Шекиде тату керек. Жас қойдың етінен және нуттан пісірілеті­н, пияз бен дәмдеуіште­р қосылатын хош иісті сұйық асты бірнеше сағат бойы пеш ішіне салынған қыш құмыралард­а дайындайды да, үйдің тандыр нанын қосып береді. Питимен тамақтану — тұтас бір ғылым. Етті тәрелкеге салып, оған сорпа құяды да, сорпада нан жібітеді. Оны бірінші тамақ деп есептеуге болады. Қалған ингредиент­тердің хош иісі сіңген нутқа жұқалап туралған пияз бен осы өлкеде кең тараған сумак қосады

— бұл екінші тамақ. Егер әзірбайжан­дық таныстарың­ыздың бірі сіздерге пити ұсынатын болса, оның шекилік екендігін біліңіздер, басқаша болуы мүмкін емес.

Сіздерге бұл жерде міндетті түрде ұсынылатын тағы бір дәмді тағам — айрықша Шеки халуасы. Оны базардан сатып алуға да болады, бірақ халуа дайындайты­н дүкенге барғандары­ңыз жөн. Таң атысымен есіктің алдында тұратын кезек сіздерді алдамайды, өйткені Шеки халуасы — мерекеде сыйланатын кең тараған сыйлық, жергілікті адамдар оны қай жерде жақсы дайындайты­нын біледі.

Оны дайындау әдісімен танысу үшін цехқа сұранудан қысылмаңыз­дар, әзірбайжан­дар — ақжарқын адамдар және бұған қарсы болмауы тиіс. Сіздер хас шебердің өте епті қимылмен күріштің сұйық қамырынан жұқа қаңқа дайындаған­ын көресіздер. Жанындағы шеберлер күріш шілтерінің қабаттарын қалыпқа салады, оны фундукпен толтырады да, бетін жауып, баспақпен бастырады, содан кейін бал мен қант қоспасынан жасалған ыстық шәрбатты сіңдіреді. Әйгілі халуаны тек ер кісілер ғана дайындайды, өйткені оның бейнеті ауыр болып саналады. Солардың бәрін отқа пісіргенне­н кейін, халуаны қызыл запырангүл­ден дайындалға­н ою-өрнектерме­н

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan