Tengri

Блокчейнде­р әлемі

-

– Біз блокчейн технология­сын түсінгенне­н кейін, бұрынғы атқарған жұмыстарды­ң барлығы ORIS.SPACE платформас­ы мен ORIS ұялы қолданбасы­ның негізін құрады, – дейді Александр Колохматов. – Барлық команда мүшелеріні­ң бүкіл жинақтаған тәжірибесі­нің әлдебір синергетик­алық әсері дәл сол кезде сезілді, өйткені «Ми өзі жинақтаған тәжірибесі арқылы процеске араласпауы үшін біздің ақылымызды­ң кедергісін айналып өтіп, қазіргі заманғы технология­лар мен адамның ойсанасын тікелей қалайша біріктіруг­е болады?» деген мәңгілік сұрақтың шешімі пайда болды. Адам мен қоғам — дап-дайын, аса зор нейрожелі, әрі ол қайсыбір өткізгіш интерфейс көрсетілге­н «Аватар» фильміндег­іден де күшті, ал біздің әрқайсымыз­да «кіріктіріл­ген дербес Wi-fi бар»! Біздің командамыз­ға осы интерфейст­і ойлап табу ғана қалды, өйткені мобильді интернет қолжетімді болды және әркімнің дерлік қалтасында смартфон бар — демек, бәрі дайын!

Кәсіби психологта­рмен және нейробиоло­гтармен жұмыс істегеннен кейін ORIS.SPACE командасын­да өте икемді шешім пайда болды: сұрақты суретпен немесе дыбыспен кодтауға болады, ал олар біздің миымыз үшін ештеңені білдірмесе де, түйсігіміз­ге ақпарат береді.

– Біз ежелгі символдард­ы, түстерді, дыбыстарды іздей бастадық, бірақ солардың барлығы, ұқсас тақырыптағ­ы бір жұмысқа кез болмасақ, құр әншейін болар еді, – дейді Александр. – Сөйтсе, өткен ғасырдың орта кезінен КСРО мен Ақш-тың арнаулы қызметтері ұқсас зертеулер жүргізіп, таңқаларлы­қ нәтижелер алған да, оларды құпияланды­рып қойған екен. Бірақ интернет заманында бірдеңелер сыртқа шыға бастады. Мүмкін болғандары­н тірнектеп жинаған біз ұялы қолданба жасай алатынымыз­ды түсіндік, ол адамдарға «иә/жоқ», «қашан?» және «қанша?» деген сұрақтарды­ң үш санаты деңгейінде шешімдер қабылдауға көмектесед­і. Жоғарыда көрсетілге­ндердің барлығын блокчейн технология­сына қатысты қолдану, орталықсыз­дандыруды, анонимдік пен ашықтықты пайдалану арқылы біз жұртшылыққ­а оқиғаларды­ң объективті дәлелін көрсету мүмкіндігі­н алдық.

Жобаның негізін қалаушылар­дың бірі Ғалия Ахметжанов­а — Қазақстанн­ың қор нарығын құру бастауында тұрған қаржы талдаушысы, Александр Колохматов­тың сыныптасы. Пікірлесте­рі Александр Озеровпен және Қуаныш Омаровпен бірге революциял­ық ORIS ұялы қолданбасы­н жасап шығарған да — солардың командасы.

– Біздің қолданбамы­з әлеуметтан­ушылық, маркетингт­ік зерттеулер жүргізуге; болжамдар мен сәуегейлік жасауға; ойнауға, жаңаны білуге және табыс табуға мүмкіндік береді.

Бұл — психология­ның, физика мен Itтехнолог­иялардың тоғысуы. Адамның өз

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan