Бар­лық Boeing-767 ұшақта­рын­дағы ин­тер­нет

Tengri - - Air Astana -

«Эйр Аста­на­ның» үш кең фю­зе­ляж­ды Boeing-767 лай­нерінің бәрін­де де ен­ді кең жо­лақты жоға­ры жыл­дам­ды­қты бай­ла­ныс ор­на­тыл­ды. Жаңа сер­вис биз­нес-кла­ста да, эко­ном-кла­ста да қол­жетім­ді, бұл жо­ла­у­шы­ларға дер­бес ком­пью­тер­лерін, план­шет­тері мен смарт­фон­да­рын Ин­тер­нет­ке қо­су және лез­де ха­бар ал­ма­суға ар­налған қол­дан­ба­лар­ды, элек­трон­ды по­шта­ны, әле­умет­тік желілер­ді пай­да­ла­ну және т.б. мүм­кін­ді­гін бе­реді.

«Эйр Аста­на» жо­ла­у­шы­ла­ры­ның таң­да­уы­на үш ин­тер­нет-топ­та­ма ұсы­ны­ла­ды: «Старт» — 15 Mb, «Биз­нес» — 50 Mb, «Cу­пер» — 100 Mb, олар­дың баға­ла­ры сәй­кесін­ше 1500, 4500 және 7500 тең­ге. Қо­су­дың ор­та­ша жыл­дам­ды­ғы — се­кун­ды­на 2 Mb-тан 5 Mb-қа дей­ін. Boeing-767 лай­нер­лері іш­кі то­рап­тық бағыт­тар мен Ал­ма­ты­дан және Аста­на­дан ұзақ ма­ги­страл­дық марш­рут­тар бой­ын­ша ұша­тын рей­стер­ді орын­дай­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.