Көз тар­тар­лық орын­да­ры

Tengri - - Destination -

Әрине, та­ри­хи және ар­хи­тек­ту­ра­лық ес­керт­кі­ш­тер Таш­кент­тің өзін­де, ай­та­лық, Хи­уа­дағы­дай неме­се ежел­гі Бұ­ха­ра­дағы­дай көп емес. Бірақ, соған қа­ра­ма­стан, қа­ла­да көру­ге тұра­тын жер­лер бар. Мә­се­лен, ескі қа­ла­дағы атақты Чор­су ба­за­ры­ның жа­нын­дағы Ку­кель­даш мед­ре­сесі бір кез­дері Таш­кент­те­гі 23 мед­ре­сенің ең ірісі болған. Оның құры­лы­сы XVI ға­сыр­мен бел­гі­ле­неді. Сол за­ман­да тұрғы­зы­лған Хаст Имам ке­шенінің құра­мы­на Ба­рақ Хан мед­ре­сесі, Тил­ла-шейх ме­шіті және әу­лие Әбу-бәкір Каф­фаль Ша­ши ке­се­несі кіреді. Осы ке­шен­де­гі ар­найы құры­лған мұра­жай­да ха­лиф Осман­ның дү­ние жүзіне әй­гілі Құра­ны­ның түп­нұсқа­сы сақта­у­лы. XV ға­сыр­да жа­зы­лған осы көне ма­ну­скрипт әр дәуір­лер­де Ме­ди­на­да, Да­мас­кі­де және Бағ­дат­та сақталған, со­дан кей­ін Те­мір басқарған за­ман­да Өз­бек­станға әкелін­ген.

Бір қы­зы­ғы, осы ғи­ма­рат­тар­дың бәрі

1966 жы­лғы ала­пат жер сіл­кінісіне ұшы­раған. «Ер­лік» деп ата­ла­тын қа­ла­ның ор­та­лы­ғын­дағы мүсін­дік мо­ну­мент нақ осы тра­ге­ди­яға ар­налған. Айт­пақ­шы, ер­те ме, кеш пе, сіз­дер қайт­кен­де де ба­ра­тын осы ес­керт­кі­штің жа­нын­да жанға жай­лы көлең­келі жаға­лау бар, ол се­ру­ен­деу неме­се кез­де­су­лер үшін мін­сіз орын бо­лып са­на­ла­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.