Portobello Road кө­ше­сін­де­гі ба­зар

Tengri - - Destination -

Біз ба­ра­тын бірін­ші ме­желі орын — Лон­дон­ның ба­ты­сын­дағы Portobello Road кө­ше­сін­де, он­да Central, District және

Circle желілерін­де­гі Notting Hill Gate мет­ро стан­са­сы­нан Hammersmith және City Line желілерін­де­гі Ladbroke Grove стан­са­сы­на дей­ін со­зы­лып жатқан әлем­де­гі ең ірі ан­ти­квар­лық ба­зар ор­на­ласқан. Жан­жақтың бәрін алып жатқан осы ба­за­рдағы 1000-нан астам ша­тыр­лар­дан көңіл­деріңіз не қа­ла­са, со­лар­ды та­ба­сыздар.

Сен­бі күні ба­за­рдағы са­уда ба­рын­ша қы­за тү­седі, бірақ сіз­дер­дің са­тып алушы­лар қап­тап кет­кен­ге дей­ін бірекі са­уда мә­мілесін жа­сап үл­ге­ру­леріңіз үшін ер­те­рек барған­да­ры­ңыз жөн бо­ла­ды. Notting Hill Station мет­ро стан­са­сы­на жақын жер­де Elgin Crescent және Chepstow Villas кө­ше­лерінің ара­сын­дағы ара­лы­ққа жүз­де­ген ки­ос­кілер, дү­кен­дер мен пас­саж­дар са­лы­нған, олар шы­ны­дан жа­салған ан­ти­квар­лық бұй­ым­дар­мен, кү­міс әше­кей­лер­мен, үй ке­рек-жа­рақта­ры­мен және кітап­тар­мен са­уда жа­сай­ды. Жұ­ма күні де са­уда қы­зу жүреді, ан­ти­квар­лық дү­кен­дер­дің де сен­бі күн­гі­дей са­ны жұ­мыс істей­ді, бірақ ке­лу­шілер азы­рақ бо­ла­ды.

Westway эс­та­ка­да­сы­ның тұ­сын­дағы, Ladbroke Grove кө­ше­сінің жа­нын­да ор­на­ласқан ба­за­рда та­у­ар да ар­за­ны­рақ, ту­ри­стер де азы­рақ бо­ла­ды. Сол ара­дан сіз­дер вин­таж­ды киім мен жас ди­зайн­шы­лар­дың жаңа бұй­ым­да­рын са­та­тын фэшн-ба­за­рды та­ба­сыздар, кей­біре­улер се­конд-хенд деп ата­ла­тын пай­да­ла­ны­лған заттар­мен де са­уда жа­сай­ды.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.