Camden пас­са­жы

Tengri - - Destination -

Егер сіз­дер Лон­дон­ның сол­түстік-шы­ғы­сы­на ба­ра­тын бол­саңы­здар, он­да Camden Passageға тап бо­ла­сыздар, бірақ оны анағұр­лым ірі және әй­гілі көр­шісі — Camden Market-пен ша­та­стыр­маңы­здар. Camden Passage Лон­дон­ның Islington ауда­нын­дағы жа­яу жүр­гін­шілер­дің тып-ты­ныш кө­ше­сін­де ор­на­ласқан. Он­да біре­гей ан­ти­квар­лық заттар­мен са­уда жа­сай­тын 200-ге жуық дү­кен­дер мен ша­тыр­лар бар.

Camden Passage кол­лек­ци­я­лық ке­ра­ми­ка­мен, көңіл тар­тар­лық ин­те­рьер затта­ры­мен, вин­таж­дық әше­кей­лер­мен және ак­сес­су­ар­лар­мен са­уда жа­сай­тын төрт же­ке ба­за­рдан тұра­ды, мұн­да ре­тро-ша­ба­дан­дар, ан­ти­квар­лық кітап­тар, мар­ка­лар мен тиын ақ­ша­лар да са­ты­ла­ды. 1960-шы жыл­дар­да ба­зар ашы­лған ме­зет­тен ба­стап оның ма­ман­дан­ды­ры­лған дү­кен­дері ескілік­ті заттар­мен са­уда жа­сай­тын са­уда­гер­лер мен бүкіл әлем­нен кел­ген кол­лек­ци­о­нер­лер үшін Мек­кенің бе­деліне ие бол­ды.

Camden Passage сәр­сен­бі және сен­бі күн­дері таң атқан­нан 17.30-ға дей­ін жұ­мыс істей­ді.

Сол күн­дері әдет­те күн­де жұ­мыс істей­тін дү­кен­дер­дің жа­ны­на көп­те­ген қо­сым­ша жай­масөре­лер ор­на­ты­ла­ды. Ең жақын мет­ро стан­са­сы — Northern Line тар­мағын­да ор­на­ласқан Angel стан­са­сы.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.