Brick Lane ба­за­ры

Tengri - - Destination -

Са­я­ха­ты­мы­зды шы­ғы­сқа, Brick Lane ба­за­ры­на қа­рай жалға­сты­рай­ық, ол бұры­нғы Truman сы­ра за­уы­ты­ның аумағы­на жақын ор­на­ласқан. Мұн­да тағы да төрт ба­зар мен ре­сто­ран аула­сы бар. Рет­ро­киім­дер, мә­се­лен, 1920-1990 жыл­дар ара­сын­дағы аң терілері мен қа­лы­ң­дық көй­лек­терін ұсы­на­тын Vintage Market жұ­ма­дан жек­сен­бі­ге дей­ін ашық бо­ла­ды.

Backyard Market-тен бо­ла­шағы зор жас ди­зайн­шы­лар жа­саған сән­дік-қол­дан­ба­лы өнер­дің бү­гін­гі за­манға ба­рын­ша сай затта­рын та­ба­сыздар. Егер сіз­дер кол­лек­ци­я­лық ыдыс-аяқ, клас­си­ка­лық фо­то­ап­па­рат неме­се ар-де­ко сти­лін­де­гі шам із­де­сеңіз­дер, он­да ан­ти­ква­ри­ат­тың қа­зы­на­сы

— Tea Rooms ба­за­ры­на ба­ры­ңы­здар. Sunday Up ба­за­ры киім-ке­шек­пен және үй­ге ар­налған жаңа­ша бұй­ым­дар­мен, сон­дай-ақ ескілік­ті ви­нил­дік дис­кілер­мен са­уда жа­сай­ды.

Дү­кен мен ба­зар ара­ла­удан ша­ма­лы де­малған­нан кей­ін жүрек жалғап алу үшін Boiler House ре­сто­ран аула­сы­на ба­ры­ңы­здар. Ба­зар­лар­да ха­лық әсіре­се де­ма­лыс күн­дері көп бо­ла­ды, олар сен­бі күн­дері сағат 11.00-ден 18.00-ге дей­ін және жек­сен­бі күн­дері сағат 10.00-ден кеш­кі 17.00-ге дей­ін жұ­мыс істей­ді. Ең жақын мет­ро стан­са­сы — Hammersmith және City Line тар­мақта­рын­дағы Aldgate East стан­са­сы.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.