Bermondsey ан­ти­ква­ри­ат ба­за­ры

Tengri - - Destination -

Тем­за­дан оңтүстік­ке қа­рай жүр­сеңіз­дер, Southwark ауда­нын­дағы Bermondsey ба­за­ры­на тап бо­ла­сыздар. Bermondsey алаңын­да ор­на­ласқан осы ба­зар көле­мі жағы­нан басқа ба­зар­лар­дан кі­ші, анағұр­лым ық­шам. Ан­ти­ква­ри­ат­та­рын ұсы­на­тын са­ту­шы­лар мұн­да көп жыл­дар бойы жұ­мыс істей­ді.

Ба­зар тек жұ­ма күн­дері сағат 6.00-ден 14.00-ге дей­ін ға­на жұ­мыс істей­ді, сон­ды­қтан ер­те­рек келіңіз­дер. Ба­за­рдан қы­зы­қты заттар­ды, зер­гер­лік әше­кей­лер­ді, ыды­с­а­яқты, өнер туын­ды­ла­рын және ерекше киім­дер­ді та­ба­сыздар. Ту­ри­стер ұна­та­тын ірі ба­зар­лар­дағы­дан гөрі мұн­дағы баға­лар ша­ма­лы тө­мен, ба­за­рда ан­ти­ква­ри­ат­пен са­уда жа­сай­тын бе­дел­ді ди­лер­лер көп.

Ба­за­рдың төңіре­гін­де жақ­сы ка­фе­лер өте көп, со­лар­дан таңер­тең та­мақта­нып алуға бо­ла­ды. Bermondsey ба­за­ры­на же­ту бір­ша­ма қиын, ол ту­ри­стік марш­рут­тар­дан қиыс ор­на­ласқан, бірақ сіз­дер мұн­да оңтүстік Лон­дон­ның нағыз өмірі­мен та­ны­са ала­сыздар. Ең жақын мет­ро стан­са­ла­ры — Jubilee желісін­де­гі Bermondsey неме­се Northern желісін­де­гі Borough стан­са­ла­ры.

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.