Берлиндегі көктем мерекесі, Германия
Фрюлингсфест (Fruhlingsfest) Германияның астанасында 1970 жылдан бері өткізіліп келеді. Мерекеге орайластырылған оқиғалардың бәрі көшелерде өтеді. Сіздер бишілер қатысатын концерттер мен музыкалық шоуларды көресіздер, сондайақ түрлі аттракциондарда серуен құра аласыздар. Көктем мерекесінің ең қызықты оқиғаларының бірі — қуырылған жарты метрлік сосисканың, бадам мен каштанның, қант қосылған жемістердің, көмірге қуырылған еттің және т.б. дәмін татуға болатын ашық ресторан күні. Фестивальдің орталық алаңы — Курт-шумахер-дамм.