Мұнда не үшін келу керек?
Осы сұрақтар мазалайтын адамдарға жауап берелік: аса бай тарихы мен мәдениеті, табиғат аясының сұлулығы өздері үшін осы әсем өлкені ашқан туристерді жыл сайын еліктіріп, шақырып тұрады. Бір жағынан, көлді ғажайып Жоңғар Алатауының сілемдері мен аңғарлары орап жатса, екінші жағынан, мұнда қазақстандық Алтайдың жұмбақ жоталары тіреледі. Туристік фирмалар қол тимеген төл табиғатымен даңқы шыққан жерлерді жаяу және атқа мініп аралайтын экскурсиялар ұсынады. Жоңғар қақпалары Шыңғыс хан заманындағы көшпелілер шайқастарының іздері мен сарындарын еске түсірсе, ал жергілікті өлкетану мұражайында сол дәуірдің жәдігерлері сақталған. Ежелгі замандардың көркемөнеріне қызығушылар ашық аспан астындағы петроглифтердің таудағы галереясын көре алады. Көлмен асықпай серуендететін катамарандар мен паромдар жүреді. Құстар аралына арнайы экскурсиялар апарады, құстардың өмірін бақылайтын турнирлер, фотоаңшылық конкурстары өтеді.
Айтпақшы, мұнда ыстық сулар да бар: көлдің жанында, Арасан өзенінің оң жақ жағасында Барлық минералды көздері орналасқан. Көктума мен Ақшидегі
112 туристік базадан бөлек, демалушылар жергілікті тұрғындар мен жеке меншікшілер жалға беретін қонақ үйлерге және бөлмелерге орналасады.