Ольга Панкова, жоба менеджері
Бір-ақ жерден теңізді тамашалауға, жасыл пальманың саясында рақаттануға және тауда бір-біріңмен қар атысуға бола ма? Әрине, егер Қара теңіздегі Ресейдің бірегей курорты — Сочиге баратын болсаңыздар. Міндетті түрде барыңыздар және керемет кавказ тамақтарын дайындайтын, өзіме қатты ұнайтын «Чо? Харчо!» ресторанына кіріп шығыңыздар, меніңше, ол ешкімді де бей-жай қалдырмауы керек. «Сочи Парктегі» аттракциондарда сейілдеңіздер, «Фишт» стадионында болып, өздеріңізді бір сәт олимпиада чемпионы сезініңіздер, ал ең соңында Surf Coffee аталатын орыннан дәмді кофе ішіңіздер.
«Сочиде, менің ойымша, әр адам өмірінде бір рет болса да демалады», – деген еді әйгілі кеңестік «Мәскеу көз жасына сенбейді» фильмінің кейіпкері, осы ғажайып қалаға сіздер де барыңыздар.