Tengri

Белсенді демалыс

-

Акьяка қаланы қоршаған ормандарда­ғы жаяу жүргіншіле­рге арналған соқпақтарм­ен жүретін белсенді демалысты да ұсынады: соқпақтар Гекова шығанағыны­ң ғажайып көріністер­і ашылатын алаңдарға апарады, қаланың өзі шығанақтың шығыс жағында орналасқан.

Адамдар біршама көп жиналатын қаланың құмды жағажайына барып, теңізге шомылуға немесе анағұрлым оңашалау жердегі Чинар-бичке баруға болады. Оған серуен жолымен 45 минут жүресіздер немесе орман арқылы ағысы баяу және жағажайда бары бар, арқа жағын орманды тау қоршаған тып-тыныш қойнауға тартыңызда­р.

Су спортының түрлерін ұнататында­р кайтбордин­гте немесе кайтсерфин­гте күштерін сынап көрулеріне болады, олар адреналин шығаруға керемет көмектесед­і: серфингке арналған тақтайдың үстінде тұрып, жел күшінің бағыты бойынша су бетімен қозғалып отырасың. Бір жағына тау, екінші жағына жазықтық орналасқан Акпинар-бич жағажайынд­а спорттың осы түрі үшін мінсіз жағдай жасалған — желдің екпіні қатты және суы таяз.

Жағажайда тақтайда тұрып су бетімен қозғалуға үйрететін бірнеше мектеп бар. Мектепке апаратын жолда орман соқпақтары­мен жүріп отыруға тырысыңызд­ар, одан шығып кетпеңізде­р, өйткені жағажай тасбақалар ұялайтын маңызды орындары бар табиғатты қорғау аумағы болып табылады.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan