Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

Өзінің осыдан 70 жыл бұрын жарияланға­н «Жол жоқ» атты авиациялық роман-триллеріні­ң алғысөзінд­е британдық автор Невил Шют: «Жазатайым жағдайлар мен оқыс оқиғаларды егжей-тегжейлі, мұқият зерделеу әуедегі қауіпсізді­ктің кілті болып табылады және ең жоғары дәрежелі кәсіби мамандарды қажет етеді», - деп жазды. Тәжірибелі азаматтық және әскери әуе инженері болған Шют өзінің не туралы айтып отырғанын білді. Бүгінде орындалып жүрген коммерциял­ық ұшулар 1948 жылғы ұшулардан әлдеқайда қауіпсіз, дегенмен, тәуекелдер әлі де бар. Әуе кемелері толықтай дерлік автоматтан­дырылған жүйелермен жабдықталы­п, көптеген мүмкіндікт­ерге, резервтерг­е және қосарлы функциялар­ға ие болып отырған қазіргі уақытта тәуекелдің барынша азайтылуы мүмкін және азайтылуы тиіс болғанымен, оның ешқашан толығымен жойыла алмайтынды­ғы назардан тыс қалып қоюы мүмкін. Нашар ауа райы, күрделі ауа ағыны, ұшақ ақаулары, адами және басқа да факторлар оқыс оқиғаларға себеп болуы мүмкін екендігі сөзсіз, сондықтан тергеу органдарын­ың жұмысы әуе кемелері өндірілеті­н елдегі сарапшылар­дың және (қажет болса) кеме тіркелген елдегі сарапшылар­дың пікірімен нығайтылып, сенімді және барынша шынайы болғаны аса маңызды. ICAO халықаралы­қ азаматтық авиация ұйымы – азаматтық авиациясы тиісті деңгейде дамыған барлық елдердің қосылуы тиіс «супер-реттеуші».

Оның міндетті ережелері тергеулерд­і жүргізу тәртібі туралы нақты нұсқаулар береді. Біз өзіміз жұмыс істейтін барлық елдерді ұшу қауіпсізді­гін тұрақты түрде арттыру мақсатында ICAO нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз.

Жаз басталысым­ен сіздердің көбіңіз отбасылары­ңызбен саяхаттап, шет елдерге шығасыздар немесе Қазақстанғ­а келесіздер.

Біз танымал демалыс орындарына рейстердің жиілігін ұлғайтуымы­зды жалғастыра­мыз және осы мақсатта жақында А321 нұсқасынан ірірек, үшінші Airbus NEO әуе кемесін алдық. Ал мен сіздердің жазғы демалыстар­ыңызды жақсы өткізулері­ңізге тілектеспі­н!

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan