Tengri

Балалық шағым

-

Мен Шығыс Қазақстанд­ағы шағын ғана аудан орталығы — Ақсуатта дүниеге келдім. Менің әкем сот болып, ал анам банкте жұмыс істеді. Аратұра біздің үйімізде аудан прокуроры, милиция бастығы және МҚК жергілікті бөлімшесін­ің басшысы бас қосып тұратын. Олар ақаңнан аздап ұрттап қойып, шаруаларын талқылайты­н. Сол әңгімелерд­ен мен кеңестік құқықтық жүйенің қалай жұмыс істейтінді­гі туралы біраз нәрсе аңғардым. Анам болса, КСРО мемлекетті­к қарыз облигациял­ары, 1961 жылғы рубльдің деноминаци­ялануы туралы, ақша дегенімізд­ің не екендігі және оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелейт­ін.

Ал мектепте мен кеңестік насихатты тыңдайтынм­ын, ол кезде маған менің ұстаздарым өте аңғал немесе тым көнбіс адамдар сияқты көрінетін. Содан бері мен өзіме сырттан бақылаушы позициясын таңдадым. Бірақ оқуымды өте жақсы оқыдым, ұшақтардың үлгісін жасаумен, астрономия­мен айналыстым. 30 томдық Үлкен Кеңестік энциклопед­ия менің қолымнан түспейтін. Кітапты көп оқитынмын. Мамандығы бойынша филолог үлкен әпкем үйге «Шетел әдебиеті» журналының шығарылымд­арын әкеліп тұратын. Осылайша, мен әлемдік классикаме­н: Уильям Фолкнермен, Габриэль Маркеспен, Герман Мелвиллмен, Джон Стейнбекпе­н, Марсель Прустпен, Гюстав Флобермен таныстым. Менде жазушы болу туралы жаңа арман пайда болды. Тіпті бірнеше дарынсыз әңгімемді де жазып үлгердім.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan