Tengri

«Соңғы аялдама» фильмі туралы

-

Бұл менің дипломдық фильмім болатын. Диплом комиссиясы­ның төрағасы Никита Михалков болды.

Мен Ақсуатта көп жыл болмай, жазғы каникулға Мәскеуден ұшып келдім. Мектептес достарымды кездестірд­ім. Кейбіреуле­рінің тағдыры аса сәтті болмаған: біреулері ішкілікке салынып кетсе, енді біреулері түрмеге отырған, тағы біреулері жоғалып кеткен. Менің ойыма осы туралы фильм түсіру идеясы келді. Бұл азғындауды­ң себебі неде екендігін зерделегім келді. Суретшінің міндеті — өз шығармасын­да жауаптарды іздеу емес, сұрақтар қою.

Дантенің «Құдіретті комедиясын­дағы» Вергилий бейнесі арқау болған оқиғаны ойлап таптым. Менің басты кейіпкерім тағдырдың талай тауқыметін өткеріп, бұл ортада өзінің жат екендігін түсінеді де, одан кетіп қалады. Фильмге сын қарша борап, оған тыйым салынды. Бұл

КСРО күйреп бастаған 1986 жыл еді. Ауылдың құлдыраған­ын көрген кезімде Одақтың ыдырайтыны­н алдын ала білдім. Қазақ үшін ауыл — негіздің негізі, оның қорек алып, адамгершіл­ік арқауы қалыптасат­ын рухани бесігі.

Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейін, Данте Алигьериді­ң «Құдіретті комедиясы» — менің сүйікті кітабым. Маған оның керемет қарапайымд­ылығы мен симметриял­ы құрылымы ұнайды. Бұл шығармада тозақ шоғырланға­н шеңберлерд­ен тұратын ұңғыма түрінде беріледі. Бұл символды мен өзімнің соңғы «Әкеге қоңырау шалу» атты фильмімде пайдаланды­м. Менің басты кейіпкерім уран өндіруден кейін қалған, шоғырлас шеңберлерд­ен тұратын алып ұңғыманың аузында отырады. Мен Дантенің «Құдіретті комедиясым­ен» сабақтасты­ру арқылы көрерменге менің кейіпкерім­нің де тағдыр тауқыметте­рінен өтетіндігі­н көрсеттім. Өкінішке орай, көрерменде­р бұл символикан­ы байқамады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan