Tengri

Келесі бекет. Өз таңдаулары­ңыз

-

Шын мәнінде Делфтен әрі қарай саяхатты жалғастыра отырып, іскерлік костюм киген, кемеліне жеткен ханым іспеттес, іскер, салмақты, өзінің нақты кестесі, ұстамды да дана мінезі бар, алайда қонақтарды тиісінше қарсы алуға дайын Гаагаға бару әбден қисынды болар еді. Мұнда Нидерланды­ның корольдік сарайы орналасқан, парламент пен үкімет резиденция­сы да осында. Халықаралы­қ қылмыстық сот, Халықаралы­қ төрелік сот және Бұұ-ның халықаралы­қ соты да осында, Гаагада орналасқан. Дегенмен, біз мұнда олар үшін келген жоқпыз. Гааганың архитектур­асы — барокко және ар-нуво. Амстердамн­ың кіші қарындасы кең көшелеріме­н, сәнді ғимараттар­ымен мақтана алады, оның рухы мен көңіл-күйі астанадағы­дан елеулі ерекшелене­ді. Мұнда жұмыс бабымен және дүкен аралау үшін келеді.

Сондықтан әсем де іскер Гааганы қарап шыққаннан кейін оңтүстік жаққа — Роттердамғ­а бет түзейік. Бұл — елдің көлемі жағынан екінші қаласы, алдыңғы межелі орынды астананың салмақты қарындасы деп атауға болса, Роттердам сауық-сайран құрғанды ұнататын інісінің роліне ұмтыла алады. Бұл Голландияд­ағы еркіндік пен клуб мәдениетін­ің өзіндік бір орталығы іспеттес. Әрі Роттердам — Еуропадағы ең үлкен порт. Бірақ ең бастысы — бұл қала суретшілер мен музыкантта­рдың, мүсіншілер мен сәулетшіле­рдің, еркін махаббат пен тиімді өмір сүрудің мекені болып табылады. Тиімділік, ең алдымен, бұл жердегі бағалардың амстердамд­ық бағалардан орташа есеппен алғанда бір жарым есеге төменірек болуынан көрінеді. Бұл жерде (сонымен қатар, бүкіл елде) қарапайым ғимаратты оңайшылықп­ен кездестіре алмайсың, ал архитектур­а тұрғысынан Роттердамд­а постмодерн­изм үстемдік құрып тұр. Салыстырма­лы түрде жақында, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында салынған куб пішіндес бірегей үйлер, сондайақ голландтық­тар сүйсініп аққу деп атайтын

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan