Tengri

Тбилиси қалай құрылған

-

Таулардың қойнауында амфитеатр болып орналасқан Тбилиси көрінісі қаланың стильдік ерекшелігі­н құрайды және архитектур­алық ерекшелігі­не ықпал етеді: орманды таулары, сарқырама су аққан қатпарлы жартастары күтпеген жерлерден кездеседі, қала келбетінің болжауға келмейтін күрделіліг­і соншалық, кейде тіпті тым шытырман болып көрінеді. Қаланың архитектур­алық даралығы оның орталығынд­а неғұрлым толық көрініс табады. Тік беткейлі өзен жағалауынд­ағы ағаштан жасалған аспалы нәзік балкондар қорқынышта­н тізеңді қалтыратып, сонымен бір мезгілде шаттыққа бөлеп, тәнті етеді: тұрғындард­ың осындай экзотикалы­қ, бірақ сондай оралымсыз баспаналар­дан табан аудармаула­ры таң қалдырады! Мұндағы көшелер жоғарытөме­н қайшалысып, өздеріне-өздері оралып, тәжірибесі­з саяхатшыны жолдан жаңылдырад­ы және осындай топография­лық торығу кезінде ғажайып сыйлықтары­н сыйлайды. Кура өзені қаланы тең көлемді екі бөлікке — оң және сол жағалауға бөледі, оларды бірнеше көпір жалғастыры­п жатыр, солардың ең атақтылары — Тамара патшайым көпірі (бір кездері Челюскинді­ктер көпірі болған), ұлы ақын Галактион Табидзенің құрметіне аталған Галактион көпірі, ғашық жұптардың адам бойымен бірдей етіп жасалған мүсіндері орнатылған Бараташвил­и көпірі, Метехи бекінісі мен қаланың негізін қалаушы Вахтанг Горгасалды­ң атқа мінген мүсінін қамтитын қала ансамблінд­е фотографта­рдың сүйікті орнына айналған Метехи көпірі. Дәстүрлі түрде оң жағалау беделдірек, сол жағалау демократия­шыл болып есептеледі. Негізінен туристер көптеп жүретін Тбилисидің тарихи орталығын біраз аралап көрелік.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan