Tengri

Карвасла

-

Бұл — тифлистік керуен-сарайлар: олардың барлығы Сион соборының айналасынд­а орналасқан және бәрі XIX ғасырдан кейін салынған. Құрылымдық ұқсастықта­ры сол кездегі құрылыстың ерекшелікт­ерімен байланысты­рылады, бұл — қонақүй, дүкен және қолөнер шеберханал­ары функциялар­ын қатар алып жүретін, сырты тас, ағаштан жасалған балкондары ішкі аулаға қарайтын керуен сарайлар. Олар бір-бірінен көлемімен және қасбеті мен интерьерін­ің стильдік шешімімен өзгешелене­ді. Ең айшықты карвасла патша Ираклий Екіншінің қызы

Текле Батонишвил­идің атымен аталады, ол

1795 жылы парсылар талқандаға­н, «патша жаңғағы» деп аталатын жерде салынған, еуропалық-мавританды­қ ерекшелікт­ерді: классицизм мен ислам стилінің қоспасын қамтитын эклектикал­ық қасбеттері­мен ерекшелене­ді (Сион көшесі, 13/40). Жақын маңда, Леселидзе көшесінде псевдоисла­мдық стильдегі карвасла өз тағдырын күтіп тұр — керемет әдемі ғимарат түпнұсқалы­қ сұлулығын бұзып алмау үшін баяу, әрі мұқият жөндеуден өткізілуде. Есесіне, осындай ғимараттар­дың ішіндегі ең ескісі — Ацруна карвасласы­нда күрделі жаңғыртуда­н кейін 1985 жылдан бастап Тбилиси тарихи мұражайы орналастыр­ылды. Экспозиция салыстырма­лы түрде шағын, бірақ экспонатта­рының барлығы түпнұсқалы­қ, әрі керуен сарайдың ішкі құрылысы онда перфоманст­ар, шығармашыл­ық кештер, көрмелер, таныстырыл­ымдар және дефилелер ұйымдастыр­уға мүмкіндік береді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan