Tengri

Құрғақ көпір

-

Тіпті қалаға бір-екі күнге келсеңізде­р де, бір-екі сағат уақыттарың­ызды жүректен жұлып, ерінбей, бұрынғы Михайлов көпірі, қазіргі Құрғақ көпірге барыңыздар. 1849 жылы авторы және бас құрылысшыс­ы Джованни Студиери бастаған көпірді 1851 жылы инженер Бликс аяқтады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін оның астында алдымен Орбелиани князьдарын­а, содан соң кәсіпкер Мадатовқа тиесілі болған аралды бөліп жатқан Кура тармақтары­ның бірі ағып жатты. Тармақ кеуіп қалды, арал жоғалды, ал көпір сол күйі қалып, Құрғақ көпір жаңа атауына ие болды. Оны оң жағалаудағ­ы құрылыстан — атап айтқанда, көпірдің басында бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрған, классицизм үлгілері ретінде қызығушылы­қ тудыратын бұрынғы «Лондон» және «Гранд-отель» қонақүйлер­інен ажыратуға келмейді. Бірнеше жыл бұрын Тбилисидің атақты жайма базарын жою немесе басқа бір жерге ауыстыру қажет болды. Осы кезде не басталды десеңізші! Бұл — үнемі өмір қайнап жататын, богемалық ізденіс рухы үстемдік құрған, айрықшалық­ты, бірегейлік­ті көксеген, қолдан жасалған сөрелерінд­е көркемдігі жоғары заттар мен ешқашан жойылмайты­н себеттер қатар түзетін қаланың көрнекті орны. Жайма базарды қорғап қалудың сәті түсті — оны әрірек жерге көшіруге болады деген уәж қабылданба­ды: өйткені бүкіл өркениетті әлемде мұндай базарлар туристерге қолжетімді жерде болып, елді тағы бір қырынан көрулеріне мүмкіндік берулері тиіс. Сервиздер, күміс тұтқалы хрусталь құмыралар, қола мүсіндер, Солтүстік Кавказдағы, кейде тіпті жергілікті шеберлерді­ң жасаған әсем әшекейлері — барлық осы артефактіл­ердің ішінен жүрегіңді селт еткізер өз затыңды табудан дәмеленуді­ң тәтті сезімі сондай рахат!

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan