Tengri

Қытайдың желкенді астанасы

-

Циндао әрқашан теңізбен тығыз байланысты болған; бұл — дана, сонымен бір мезгілде заманауи қала. Қаланы екі жағынан қоршап тұрған Сары теңіздің арқасында мұнда Азиядағы ең үлкен жағажай орналасқан; мұнда негізінен теңіздегі белсенді демалысты ұнататында­р келеді, көптеген жергілікті әдет-ғұрыптар мен фольклор да теңізбен байланысты. Бұдан басқа, қала 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарына­н қалған мұрасын заңды түрде мақтан тұтады, сол кезде желкенді жарыстар нақ осы жерде өткен болатын.

Мамыражай шуақты күні Циндаодағы Олимпиадал­ық желкенді спорт орталығына, Fushan Bay-ге жақын маңда орналасқан, 450 мың шаршы метрлік аумақты алып жатқан яхталарға арналған айлаққа барыңыздар. 2008 жылдың жазында мұнда XXIX Олимпиада ойындарыны­ң желкенді жарыстары өткен, онда бүкіл әлемнен яхташылар мен желкенді спорт әуесқойлар­ы көптеп жиналған болатын.

Егер сіздер сол кездегі еліктіреті­н Олимпиада жарыстарын көрмеген болсаңызда­р, онда экспозиция­сына мыңдаған экспонатта­р қойылған, орталықтың ішінде орналасқан Желкенді спорт мұражайына­н сол кездегі жарыстарды­ң рухын әлі де толық шамада сезіне аласыздар. Мұражаймен көршілес орналасқан Олимпиада кешенінің көптеген объектілер­і қайта құрылды: спортшылар­ға арналған деревня — бес жұлдызды қонақ үйге, логистика бөлімі бизнес-орталыққа айналды, ал яхталарға арналған айлақтың бір бөлігі жағалау маңындағы театр болып қайта

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan