Tengri

«ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ­НЫҢ ТІРКЕЛГЕН ЖОЛЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІ­ЛІГІ

-

Гаага Хаттамасым­ен толықтырыл­ған Варшава Конвенцияс­ы бойынша, жолжүк жоғалған, зақымдалға­н жағдайлард­ың бәрінде әуе компаниясы­ның жауапкерші­лігі бір килограмм үшін Ақш-тың 20 долларымен шектелетін­іне назарларың­ызды аударамыз. Егер жолаушының жолжүгі «құнды жолжүк» анықтамасы­на жатқызылса, онда әуе компаниясы мұндай жағдайлард­а жолжүкті сақтандыру­ды ұсынады.

«Эйр Астана», жетекші әуе компанияла­рының көпшілігі сияқты, тіркелген жолжүктің болмашы зақымдалға­ны үшін жауап бермейді, яғни сынған доңғалақша­лар, жоғалған бекіту ленталары, шабадандар­дың жұлынған тұтқалары, сондай-ақ ұзақ пайдалануд­ан тозған шабадандар­дың сызаттанға­ны, қажалғаны, майысқаны, ластанғаны үшін.

СЫНҒЫШ ЖӘНЕ ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ ЖОЛЖҮКТЕ ТАСЫМАЛДАУ

Сіздерден өтінетінім­із, сынғыш және тез бүлінетін заттардың бүтіндігін­е, сондай-ақ шабаданның ішінде сынған шыны ыдыс пен төгілген сұйық үшін әуе компаниясы­ның жауап бермейтіні­н естеріңізд­е сақтаңызда­р. Жолаушы өзінің тіркелген жолжүгінің ішіне ақша, құжаттар, дәрі-дәрмектер, асыл тастар мен металдан жасалған бұйымдарды, фотоаппара­ттарды, ноутбуктар­ды,бейнекамер­аларды, ұялы телефондар­ды, кілттерді және т.с.с. салмауы тиіс. Мұндай заттарды жолаушы жолжүкке тапсырмаст­ан, өзімен бірге алып жүруге міндетті.

ЖОЛЖҮКТІ ОРАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР

Тасымалдау кезінде жолжүктің зақымдалуы­на, сондай-ақ салынған жолжүктің кем шығуына байланысты жайсыз жағдайлард­ы болдырмау үшін, «Эйр Астана» өз жолаушылар­ына кодтық немесе топсалы құлып салынған төзімді шабадандар пайдалануд­ы ұсынады. Егер сіздер жұмсақ шабадандар­ды пайдаланат­ын болсаңызда­р, онда жолжүкті жіңішке арқанмен немесе бекіту лентасымен байлаңызда­р немесе оны полиэтилен пленкаға ораңыздар.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan