Құр­мет­ті «Эйр Аста­на» жо­ла­у­шы­сы!

Tengri - - Air Astana -

17 шіл­де күні Ор­та­лық Лон­дон­да ор­на­ласқан Langham қо­нақ үйі Skytrax World Airline Awards жыл сай­ы­нғы сый­лы­ғы­ның та­быст­а­луы­на әлем­де­гі ең үздік әуе ком­па­ни­я­ла­ры қыз­мет­кер­лерінің жи­на­луы арқа­сын­да ең ай­шы­қты және кос­мо­по­лит­тік оры­нға ай­нал­ды. 25-ке жуық әуе ком­па­ни­я­ла­ры «Эко­ном-кла­стағы ең үздік борт­тық та­мақта­ну­дан» ба­стап «Жыл әуе ком­па­ни­я­сы­на» дей­ін­гі әр түр­лі 70 но­ми­на­ци­яда ма­ра­пат­тарға ие бол­ды. Skytrax ком­па­ни­я­сы жыл сай­ын бүкіл са­ла­ның негізін құрай­тын 455 әуе желісін зер­де­лей­ді. Бү­гін­де бұл рей­тинг әлем­де­гі бар­лық әуе ком­па­ни­я­ла­ры­на ар­налған сер­ви­стің ал­тын стан­дар­ты­на ай­нал­ды. Мен «Эйр Аста­на­ның» 7 жыл бойы қа­та­ры­нан «Ор­та­лық Азия мен Үн­дістан­дағы ең үздік әуе ком­па­ни­я­сы» но­ми­на­ци­я­сын­да жеңім­паз, яғ­ни осы сый­лық үшін 38 бә­се­ке­ле­стің ара­сын­да көш­бас­шы болған­ды­ғы­на өте қу­а­ны­шты­мын. Біз – өз ай­мақтық ли­га­сын­да 7 на­гра­да­ны жеңіп алған же­ке-да­ра ком­па­ни­я­мыз. Мен осы­ны жа­сай алған әріп­те­стерім­ді мақтан тұта­мын. Мен сіз­дер­ге, өзі­міздің кли­ент­тері­міз­ге біз­ге беріл­ген­дік­теріңіз және қол­дау көр­се­тетін­дік­теріңіз үшін алғы­сым­ды ай­та­мын. «Эйр Аста­наға» небәрі 16 жыл тол­ды және ол осы уақыт­тың тең жар­ты­сын­да дер­лік та­ны­мал ай­мақтық көш­бас­шы бо­лып ке­леді. Бұл біз­бен бір­ге ұшу­ды қа­лай­тын адам­дар­дың бей­іл­ділі­гін ай­ғақтай­ды. Біз сіз­дер­дің сенім­деріңізді ақтау үшін қол­дан кел­ген­нің бәрін жа­сап, қыз­мет көр­се­ту са­па­сын үне­мі жақ­сар­та тү­сетін бо­ла­мыз.

Жур­нал­дың осы шы­ға­ры­лы­мы­ның мұқа­ба­сын­да сіз­дер­дің на­зар­ла­ры­ңы­зды Түр­ки­я­ның кей­бір аса та­ны­мал емес көр­нек­ті орын­да­ры­на аударғы­мыз ке­леді. Стам­бул біздің алға­шқы ха­лы­қа­ра­лық бағыт­та­ры­мы­здың бірі бол­ды.

Біздің әуе ке­ме­лері­міздің Түр­кия аста­на­сы­на ұшу са­пар­ла­ры­ның жиілі­гі және «Turkish Airlines» ком­па­ни­я­сы­мен бір­лесіп Ал­ма­ты­дан, Аста­на­дан және Аты­ра­удан Ан­та­льяға орын­да­ла­тын мау­сым­дық рей­стер бізді осы ел­де­гі же­тек­ші ше­тел­дік әуе ком­па­ни­я­ла­ры­ның бірі ете­ді.

Ұшу са­пар­ла­ры­ңыз сәт­ті бол­сын!

Құр­мет­пен,

Пи­тер Фо­стер,

«Эйр Аста­на» әуе ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті

Newspapers in Russian

Newspapers from Kazakhstan

© PressReader. All rights reserved.