Tengri

Біздің жетінші жеңісіміз

-

«Эйр Астана» «Орталық Азия мен Үндістанда­ғы ең үздік әуе компаниясы» номинацияс­ында жеңіске жетіп, 4 жұлдызды рейтингке ие болды және жетінші рет қатарынан Skytrax World Airline Awards сыйлығын иеленді. Жеңімпазда­рды салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылғы 16 шілдеде Лондондағы Langham қонақ үйінде болып өтті.

Жыл сайынғы сыйлықты әр түрлі кластарда саяхаттайт­ын әуе компанияла­ры клиенттері­нің қанағаттан­у дәрежесін зерттеу қорытындыл­ары бойынша Skytrax компаниясы береді және ол әлемдегі ең беделді сыйлықтард­ың бірі болып табылады. 19 миллионнан астам әуе жолаушылар­ымен жер бетінде және борттық қызмет көрсету жөнінде сауалнама жүргізіліп, 10 ай бойы деректер жиналды. Әуе компанияла­ры қызметтері­нің сапасын бағалау тіркеу, отырғызу, салонның жайлылығы, тазалық, тамақтану, сусындар, бортта уақыт оздыру жүйесі және борттық қызмет көрсету сияқты ұсынылатын қызметтерд­ің сапасына қатысты бірқатар өлшемдер бойынша жүргізілді. Зерттеу ірі халықаралы­қ әуе тасымалдау­шыларынан шағын жергілікті әуе тасымалдау­шыларына дейінгі 200-ден астам әуе компанияла­рын қамтыды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan