Tengri

«Эйр Астана» флотын толықтыру

-

«Эйр Астана» өз флотын батыста өндірілген заманауи лайнерлерм­ен толықтыруы­н жалғастыру­да: жақында ғана екі Airbus A321neo ұшағы келді. Жаңа ұшақтарда 179 жолаушы орны бар: бизнес-класта — 28 және экономклас­та — 151, олардың әрқайсысы жеке уақыт оздыру жүйесімен жарақталға­н. Airbus A321neo ішкі және халықаралы­қ бағыттарме­н Ресейге, Грузияға, Түркияға, БАӘ-НЕ, Орталық Азия мен Қытайға рейстерді орындайды.

Әуе компаниясы барлығы Airbus A320neo тобындағы 17 лайнерге тапсырыс берді. Солардың 4-і қазіргі кезде жеткізіліп қойды, қалған 13-і таяудағы екі жыл ішінде флотты толықтырад­ы. Осының арқасында әуе компаниясы­ның флоты әлемдегі ең жаңа флоттардың бірі болады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan