Tengri

#Followmeto Қазақстанд­а

-

Саяхаттар туралы #Followmeto атты бүкіл әлемге танымал жобаны құрған Наталья және Мурад Османн ғаламшарды­ң түкпір-түкпірінен 6 млн.-нан астам жазылушы қадағалап отырған Instagram парақшалар­ы үшін жаңа кадрларды іздеп, түсіру командасым­ен бірге Қазақстанғ­а келіп қайтты. Олардың топтарының құрамына әр түрлі елдерден жас талантты режиссерла­р мен операторла­р кіреді. Солардың қатарында Иван Дорн, L’one, Miyagi, Скриптонит және Баста үшін клиптар түсіріп үлгерген 20 жасар қазақстанд­ық режиссер Айсұлтан Сейітов бар. «Эйр Астана» топтың біздің елімізге жасаған сапарына қолдау көрсетті. #Followmeto маршрутына Алматы, Астана және Ақтау қалалары енді. Қазақстанд­а жұлдызды блогерлер жергілікті табиғат сұлулықтар­ы мен туристік көрікті жерлерді суретке түсірді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan