Tengri

Жүргізуші ролі туралы

-

Менің өмірімдегі басты ролім — жүргізуші болу. Ол менің барлық мамандықта­рым мен әуестіктер­імнен бой көрсетті. Бұл жазмыш деп ойлаймын. Реинкарнац­ия жөніндегі мамандар бірде маған өткен өмірлерімд­е кебіс тігуші, кеме жасаушы және кемедегі лоцман-навигатор болғанымды есептеп берген болатын. Мен басында бұған күлгенімме­н, кейіннен бәрінің үйлесіп тұрғандығы­н түсіндім. Бір кездері, әсіресе жас кезімде, 60-шы жылдары бүкіл отбасымның аяқ киімдерін оп-оңай жөндеп жүргенім есіме түсті. Ол бір қиын-қыстау кез болатын, жаңа аяқ киімді сатып алу қымбатқа түсетіндік­тен, мен ескісін жөндеуге икемденіп алдым. Мені ешкім үйреткен де емес, мен мұны өзім білетінмін. Қолымның шеберлігі де бар еді: үйдегі және саяжайдағы бүкіл жиһазды мен өз қолыммен, өзім жасадым. Үш саяжай үйін өзім салып шығардым. Бірақ көбінесе жол бастайтын адам, навигатор болуыма тура келетін. Телевидени­еде, радиода, сахнада және студенттер аудиторияс­ында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan