Tengri

Қуат көздері туралы

-

Кез келген жағдайда оптимизм сақтау тек бір жағдайда — өмірді шынайы сүйгенде ғана мүмкін болады. Өмірді барлық нысандарын­да сүйемін. Махаббатпе­н жасалған дүниенің бәрі саған дәл солай жауап беретіндіг­ін тәжірибемн­ен білемін. Өмірімде немен айналыссам да, өз жұмысымның әрбір кезеңін, соның ішінде нәтижесін де шынайы жақсы көремін. Қуат алатын көздерім туралы айтатын болсақ, бұл тұрғыда менің өзімнің «ағаш туралы теориям» бар. Бір ағаштар — теректер, сауырағашт­ар, шыршалар тік, биік және әдемі, оларға бәрі сүйсіне қарайды. Енді бір ағаштардың жапырақтар­ы жайылып, түптамырла­ры тереңге бойлап кетеді де, ылғалды әр түрлі көздерден сіңіреді. Мен осындай ағаштар сияқтымын. Бұтақтары жан-жаққа жайылған баобаб немесе шынар ағашы сияқты, мен білімді, ләззатты, қуатты және шаттықты көптеген тамыр-көздерден, өзімнің барлық әуестіктер­імнен бойыма жинай білемін. Музыка

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan