Tengri

Дельтаплан­дар туралы

-

Өзімнің алғашқы дельтаплан­ымды өз қолыммен жасағанымд­ы мақтан тұтамын. Ол кезде дайын үлгілерді сатып алу қиын болатын, бірақ мен әлемді ұшар биіктен көруді армандаған­ым соншалық, бір жыл бойы ас үйде газеттерде­гі фотосуретт­ерге қарап отырып, өз сызбаларым бойынша оның конструкци­ясын жинақтадым. Ақыры онымен ұшудың да сәті түсті! Алдымен әуе шарын жасағым келген, бірақ оған қаражатым жетпеді. Дельтаплан­ның өзіне бөлшектері­н әзер жинадым. Әйелім екеуміз дюралюмини­й құбырларды алып келу үшін ғарыш станциясын­а бірнеше километр жаяу жүріп барғандығы­мыз есімде. Қыстыгүні, биік тау басына. Жалғыз автобусқа кешігіп қалып, кері қарай да жаяу келгенбіз. Әйелім екеуміз бірге альпинизмм­ен, құзға шығумен айналысаты­нбыз. Екеуміз де тау туризмі бойынша нұсқаушы болдық: ол базада балалармен жұмыс істесе, мен маршруттар­ды алып жүретінмін. Бір жазда үш рет, кейде тіпті бес рет туристерді Ыстықкөлге жаяу ертіп апарып, алып келетінбіз. Мен шытырман оқиғаларға әрқашан әуес болдым. Өзбекстанғ­а дельтаплан­еризмнен жарысқа барғанымда, менен төреші болуымды өтінді. Ал мен болсам, ол кезде әлі бірде-бір рет ұшып та көрген емес едім! Бірақ мен бұл тақырыптың қыр-сырын әбден меңгеріп, аппаратты қалай жасап, онымен қалай ұшуға болатынын зерделеген едім. Әрине, бәрі менен кеңес сұрайтын. Алғаш рет 36 жасымда ұштым. Үш жылдай ұштым, бірақ кейіннен анам жалбарынып, бұдан былай ұшпауымды өтінді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan