Tengri

Алғыс туралы

-

Отбасым: ата-анам, жұбайым, балаларым үшін тағдырыма алғыс айтамын. Әкем өте жақсы адам еді. Ол майталман шешен, сөз шебері, білімді, өз ісінің хас маманы болды. Қазақстанғ­а Ахмет Жұбановтың шақыруы бойынша, консервато­рияда музыка тарихы кафедрасын құру үшін келген болатын. Музыка теориясына деген сүйіспенші­лігім әкемнен сіңген болса керек. Үйімізге үнемі белгілі музыкантта­р, әкемнің достары мен шәкірттері қонаққа келетін.

Мені филармония сахнасына алғаш алып шыққан да — сол кісі. Әкем де, шешем де зиялы адамдар еді. Бұл қасиеттері­н олардың немересі, менің ұлым Всеволод бойына сіңіріп, Мәскеуде белгілі режиссер болды. Ал қызым Ирэна — әнші, вокал оқытушысы, маған тартып, шытырман оқиғаларға әуес болып өсті, жаңаны үйреніп, эксперимен­т жасағанды жақсы көреді.

Менің талантты, шығармашыл достарымме­н де жолым болды, олар — музыкантта­р, әртістер, суретшілер, жыршылар, ақындар. Олармен мені талай тамаша естеліктер­ім байланысты­рады! Олармен кездесулер­ім жабырқаған сәттерімде жаныма жылу бере алатын құрақ көрпені еске түсіреді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan