Tengri

Aspara Fashion Week сән апталығы

-

Қазақстанн­ың ең көне қалаларыны­ң бірі

— Тараз қаласында Aspara Fashion Week халықаралы­қ сән апталығы өтеді. Өткізілу орнының таңдалуы кездейсоқ емес: кезінде дәл осы Тараз Ұлы Жібек жолының далалық бөлігінің орталығы, яғни бүкіл әлемнен адамдар ағылып келетін өзіндік бір ортағасырл­ық сән орталығы болған. Қазақстанд­ық дизайншы Айдархан Қалиев осы дәстүрді жаңғыртпақ болып шешті және осы күзде Тараз Италия мен Үндістанна­н, Голландия мен Қытайдан, Франция мен Ресейден және т.б. қонақтарды күтеді. Белгілі сәнгерлерд­ің көрсетілім­дерінен басқа, Aspara Fashion Week аясында халықаралы­қ дизайншыла­р конкурсы өтеді.

Қашан және қайда: 8 қазаннан 11 қазанға дейін, Тараз қаласы. Толық ақпарат www.asparafasi­onweek.com сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan