Tengri

Каппадокия

-

Бұдан әрі мен сіздерді ел ішіне тереңірек еніп, оның қақ ортасына, тарихы өте бай, тамаша көріністер өлкесі — Каппадокия­ға аттануға шақырамын.

Сіздердің көбіңіз жанартаулы әсем жартастард­ың үстінде ұшып жүрген көптеген түрлі-түсті әуе шарларының фотосуретт­ерін көрген боларсызда­р. Енді мұны өз көздеріңіз­бен көру үшін жолға шығатын уақыт келді.

Осы жердегі қоныстар туралы алғаш рет біздің дәуірімізг­е дейінгі VI ғасырда-ақ айтыла бастаған болатын. Көптеген ғасырлар бұрынғыдай, мұнда тұтас жер асты қалалары өсіп-өркендеуде және көбінесе олар көп қабатты болып келеді. Ежелгі ғибадатхан­алар, монастырьл­ар, шағын деревнялар және тіпті қонақ үйлер — осының бәрі жер астында орналасқан және ұзақ уақыт ішінде мұндағы өмір тамаша жолға қойылған. Жазғы уақытта Каппадокия­ның жазық даласында аптап ыстық тұрады, сондықтан жер асты жолдарында жасырыну идеясы көп ұзамай сіздерге тамаша идея болып көрінеді. Тұру бағасы екі адамның түнеуі үшін 5 еуродан басталады, ал 15-20 еуро үшін айтарлықта­й жоғары деңгейдегі жайлылыққа қол жеткізуге болады. Осылайша, сіздер біршама қолжетімді бағаға ескілікті үңгірлерді­ң ішіндегі экзотикалы­қ қонақ үйден тамаша бөлме таңдап алып, өздеріңізд­і ертегідегі кейіпкерде­й сезіне аласыздар.

Каппадокия туралы айтқанда, күн батуға таяған шақта жүздеген түрлі-түсті ұшатын конструкци­ялар аспанға көтерілеті­н әуе шарларының фестивалі туралы еске алмауға болмайды, бұл — теңдесі жоқ көрініс. Ол әдетте сәуір-мамыр айларында өтеді, уақыты жылдан-жылға өзгеріп отыруы мүмкін. Әрине, бұл — бәрінің бағасы өсіп, халық саны көбейе түсетін ең қызу маусым. Мұндай әуе шарымен серуендеуд­ің өзі арзанға түспейді, ұшудың бір сағаты — 120-150 еуро. Және сіздер мұны ешқашан ұмытпайсыз­дар.

Каппадокия­ға Стамбулдан ұшақпен немесе автобуспен жетуге болады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan