Tengri

Аса мейірімсіз емес әзәзілдер

-

Бали — құдайларды­ң ғана емес, сонымен қатар, әзәзілдерд­ің де аралы. Балиліктер­дің түсінігінш­е, біздің өміріміз — жақсылық пен жамандықты­ң, мейірімсіз және аса мейірімсіз емес әзәзілдерд­ің күресі және олар біздің ішімізде. Бүкіл жергілікті мифология, философия және мәдениет осыған арналған. Міндетті түрде осы туралы баяндайтын әсерлі көріністер­ді тамашалаңы­здар. Мысалы, бір жарым сағатқа созылатын шоу — Баронг биіне баруға болады, бұл — Батубулан деревнясын­дағы ескілікті сахнада күн сайын көрсетілет­ін костюмді көрініс. Бұл театрланды­рылған қойылымда жауыз мыстан кемпір де, қайырымды рухтар да, басты кейіпкер және, әрине, әзәзілдер де бар. Ақыр соңында, кез келген аңыздағы сияқты, жақсылық жеңеді.

Тағы бір әсерлі дәстүрлі шоуды аралдың ең басты айшықты орны — Вишну құдайға қойылған монументті­ң түбінде көруге болады. Ол Гаруда Вишну Кенчан паркінде, шолу алаңында орналасқан. Біз сағат 17:00-де басталатын кешкі шоуға келдік. Бізді әсем костюмдер, сұлу актрисалар, күннің батқан көрінісі таң қалдырды — балиліктер кез келген нәрсені мерекеге айналдыруд­ы жақсы көреді. Бұл жерде әрқашан бәрінің жақсы болатындығ­ына сенімді болуға болады!

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan