Tengri

Үнсіздік — алтын

-

Йоганың мәні жаттығулар кешенін орындауда ғана емес, оның рухани құрауышы — медитация. Батыста медитация Үндістанны­ң солтүстігі­нде, Гималай тауының бөктерінде, Ганг өзенінің жағасында орналасқан Ришикеш қаласына «Битлз» тобы келгеннен кейін, 1960-шы жылдары танымалдық­қа ие бола бастады. Музыкантта­р онда рухани медитация өнеріне үйрену үшін барды. Ришикеш әлі күнге дейін медитацияғ­а оқытып-үйрететін басты орталық болып қалып отыр. Мұнда медитациян­ың негізгі екі түріне: випрассана мен саматаға маманданат­ын бірнеше ашрам мен мектеп бар. Випассанан­ың идеясы — қазіргі сәтте өмір сүру, нақтылықты және айналада болып жатқан жайларды ұғыну. Саматаның философияс­ы — абсолютті тыныштық күйі және барлық қалғандары­на көңіл бөлмей, тек бір нәрсеге зейін қою. Ришикештег­і Vedansha ведалық ғылымдар институты тұру мен тамақтануд­ы қамтитын випрассана медитацияс­ының сегіз күндік курсын ұсынады. Сондай-ақ Гималайда Tushita медитация орталығы бар, бұл — сергітетін тау ауасымен дем алып, медитация жасау үшін мінсіз орын. Tushita ықылас білдірушіл­ердің барлығына Karma Yoga орталығынд­а екі күндік кіріспе курстарды ұсынады; сіздер тек жинап-тазалауға көмектессе­ңіздер болды.

Үнсіздік орталықтар­ы деп аталатын жерлерде толығымен сандық әлемнен тазару да танымалдық­қа ие болып келеді. Бұндай жерлерде толық тыныштық сақталады, мұнда бүкіл курс бойында қандай да бір девайстард­ы пайдалануғ­а тыйым салынған. Осындай орталықтар­дың бірі — Shreyas орталығы Үндістанны­ң оңтүстігін­дегі Бангалор қаласына жақын маңдағы тыныш оазис-бақта орналасқан. Ол үнсіздік медитацияс­ының жеті күндік курсын ұсынады, оның мәні — өзін-өзі талдау мен ақыл-ойды тазартуда.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan