Tengri

Мәди Сапақов, мектеп оқушысы

-

Менің сүйікті орным — Бали! Бұл — өте әдемі арал. Оған жақындаған­да, ұшақ тікелей су бетіне қонатындай болып көрінеді. Мұнда барлық жерлерде пальмалар, күріш алқаптары мен деревнялар болады. Балиде бір мопедпен 4 адамнан жүруі мүмкін және олар үнемі дулыға киіп жүрмейді. Мұндағы адамдар өте мейірімді: ер адамдар құлақтарын­а гүл қыстырып жүреді. Біз қонақ үйге келгенде, біздің бәріміздің құлақтарым­ызға гүл қыстырады.

Маған хайуанатта­р паркі ұнайды, біз оның аумағында джиппен жүріп, терезесіне­н жануарларғ­а қарап отырамыз. Кейбіреуле­ріне тамақ та беруге болады. Мен сондай-ақ пілге мініп жүргенді жақсы көремін. Паркке барар жолда барлық белгілерде «Hati-hati» деп жазылған. Мен бұл «пілдер» дегенді білдіреді деп жүрсем, ол «абай болыңыз» деген сөз екен.

Менің сүйікті балилік тағамым «наси горенг» деп аталады, бұл — қуырылған күріш.

Балиде храмдар көп және әр үйдің жанында Будда мүсіні бар. Әйелдер жапырақтар­дан қорапшалар жасап, онда тағамдар, жемістер, печенье, күріш, гүл салады, содан соң бастарына қойып, осы тарту-таралғылар­ын мүсінге алып келеді. Бастарына қою себебі — олар басты ең қасиетті жер деп санайды. Бірақ бұл жерде маған бәрінен де ұнайтыны — суға шомылу! Өскен кезде мен онда серфингпен айналысаты­н боламын.

 ??  ?? Бали / Bali
Бали / Bali

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan