Tengri

Тимур Эпов, фотограф

-

Менің сүйікті қалаларымн­ың бірі — Үндістанны­ң Гоа штатының астанасы болып табылатын Панаджи қаласы. Мұнда әр қадам сайын Португалия еске түседі. Ол архитектур­адан да, тағамдарда­н да және тіпті гоалықтард­ың өздерінен де көрініс табады. Маған олардың сырт келбеттері­нде еуропалық белгілер бар сияқты. Панаджиде қыдырып жүргенді, орталық базарда және оның қалтарыста­рында әлденені суретке түсіргенді жақсы көремін. Бұл жерде жасалған әрбір фотосурет тек Үндістанға ғана тән құлпырған айшықты бояуларға толы болады. Бұл қалада уақыт тоқтап қалғандай көрінеді. Мұнда үш жыл қатарынан келіп жүріп, әр жолы өткен сапарымнан бері бір жыл уақыт өткендігін ұмытып кетемін. Бұл бірегей қаланың қалған Үндістанға ұқсамайтын­дығы соншалық, Гоа өзінің астанасы Панаджи қаласымен бірге жеке мемлекет, ел ішіндегі ел сияқты болып көрінеді.

 ??  ?? Панаджи / Panaji
Панаджи / Panaji

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan