Tengri

Қалия, әнші

-

Лондон — менің жүрегімді жаулаған қала. Сапарға шығар алдында міндетті түрде алдағы уақытта болатын көрмелер мен концерттер туралы ақпарат іздестірің­іздер, сіздердің жолдарыңыз болып, қандай да бір керемет көрмеге тап болуларыңы­з немесе сүйікті әртістерің­іздің концертін көрулеріңі­з мүмкін. Билеттерді алдын ала, онлайн брондап қойыңыздар.

Тамақ жағына келетін болсақ, бұл қалада кез келген талғамға және бюджетке тамақ табуға болады. Пікірлерді оқып, туристік орындарға бармауға тырысыңызд­ар. Міндетті түрде La Duree дүкенінен макарун тәттісінің дәмін татып көріңіздер, менің сүйікті макарундар­ым — ванильді және карамельді.

Метромен немесе убер-таксимен жүріңіздер. Метро үшін oyster card болғаны ыңғайлы, оның теңгерімін терминалда­рда толтыруға немесе смартфонға қолданба жүктеп алып, интернет болса, онлайн төлем жасауға болады. Интернетке қолжетімді­лік болуы үшін жергілікті сим-картаны сатып алыңыздар немесе роутер жалға алыңыздар, өйткені сіздерге интернет үнемі қажет болады, ал wi-fi барлық жерде бола бермейді. Көбірек саяхаттап, әлемді тани түсіңіздер!

 ??  ?? Лондон / London
Лондон / London

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan